- Саян Жақсыгелдіұлы, команда Даниядан қандай көңіл-күймен оралды?
- Хернингтегі ойында жеңіске жете алмағанымызбен, «Астана» екі ойын қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Сондықтан, ойыншылардың, бапкерлер құрамының және клуб әкімшілігінің бұл нәтижеге қуанғаны анық. Біз ақырындап, өз алдымызға қойған мақсатымызға – еуропалық турнирлердің бірінің топтық кезеңіне шығуға жақындап келеміз. Дегенмен, әр кезең сайын біздің қарсыластарымыз да мықты бола түсуде. Біз осы жолы Хорватия чемпиондары загребтік «Динамоға» қарсы ойнайтын боламыз.
- Чемпиондар Лигасындағы алдағы қарсыластарыңызды қалай бағалайсыз? «Динамоға» (Загреб) қарсы кездесуден не күтеміз?
- Бұл елдің ұлттық құрамасы Әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізгеннен кейін, Хорватияда дәл қазіргі уақытта футбол толқыны болып жатыр. «Динамо» (Загреб) қазіргі Ховатия құрамасында өнер көрсететін 9 ойыншыны – Лука Модрич, Ведран Чорлуки, Деян Ловрен, Шиме Врсалько, Марио Манджукич, Домагой Вида, және 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімінде болған қақпашы Доминик Ливаковичты тәрбиелеген туған клубы. «Динамо» сплиттік «Хайдукпен» бір қатарда хорват футболының тарихын, жетістіктерін бейнелейді. Балқан түбегі командасы сапында еуропалық клубтық турнирлерінде жүйелі түрде ойнайтын техникалық және тактикалық жабдықталған футболшылардан тұрады. Бізді өте күрделі қарсыласпен екі қиын ойын күтіп тұр.
- Команда келесі екі матч - сенбіде «Ақтөбеге» қарсы және сейсенбіде загребтің «Динамосына» қарсы екі ойынға өз күшін қалай бөлетін болады?
- Біздің ағымдағы күнтізбе өте тығыз, сонымен қатар Даниядағы ойын және Солтүстік Еуропаға ұзақ ұшу ойыншылардан физикалық және эмоционалдық күшін сарқып тастады. Біз бапкерлер құрамымен ақылдаса отырып, «Мидтьюлландқа» қарсы кездесуде алаңға шыққан ойыншыларға «Ақтөбеге» қарсы ойында демалыс беріп, ақ-қызылдармен болатын кездесуге қосалқы құраммен аттанғанды жөн көреміз. Тағы бір кішігірім құпиямен бөлісетін болсам, біз «Ақтөбеге» қарсы ойында Екінші Лигада сәтті өнер көрсетіп келе жатқан, дубль құрамының бірнеше жас ойыншысын істе сынап көрмекпіз. «Ақтөбеге» қарсы ойынға шақырылатын ойыншылар өздерінің дайындықтарының жоғарғы шегінде өнер көрсетіп, осы матчта жоғары нәтижеге жетуге тырысады деп үміттенеміз. Біз турнирлердің деңгейлеріне қарай - ұлттық чемпионатта қаламызды, ал УЕФА Чемпиондар Лигасында бүкіл Қазақстанды таныстырамыз. Сондықтан, біз үшін мемлекетіміздің мүддесі және еліміздің халықаралық аренадағы спорттық беделінің маңызы зор!
Біздің серіктес: FONBET