Бізге «Ақтөбе», «Шахтер» және «Атырау» футбол клубтарынан құттықтау хаттары келіп түсті. Біздің Еурокубоктерде Қазақстанның халықаралық деңгейдегі спорттық беделін қорғайтындығымызды түсініп, әріптестеріміздің өте әсерлі сөздерімен бізге қолдау білдіргендері үшін ерекше алғыс айтамыз. Біздің команданың еліміздегі әр облыс орталығында он мыңдаған жанкүйерлері бар екенін білеміз. Біз әрқашан сіздердің қолдауларыңызды анық сезініп, команданың еуропалық деңгейдегі ойындарына Астанаға арнайы келетін әрбір жанкүйерімізге ризамыз! Біз болашақта да сіздерді жарқын жеңістерімізбен қуантуға тырысатын боламыз!
Өз тарапымыздан, Еуропа Лигасында өнер көрсететін барлық командаларымызға сәттілік пен жеңіске жетулеріне тілектестік білдіреміз!
Біздің серіктес: FONBET