Жарнама
Жарнама

Саян Хамитжанов: Алмейданың еурокубоктік мол тәжірибесі мен жоғары шеберлігіне үміт артамыз

04.07.2018, 20:56
Жарнама
Жарнама
Саян Хамитжанов әзірбайжандық жартылай қорғаушы Ричард Алмейданы қатарға қосу туралы түсініктеме берді: Біз бұл ойыншыны ұзақ уақыт бойы бақылап келдік. Ричард Әзірбайжанның ең үздік клубы «Карабахтың» соңғы жылдардағы көшбасшыларының бірі. Ричард «Карабах» сапында ойнаған жылдары үлкен тәжірибе жинап, еурокубоктерде 55 ойын өткізіп, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында «Челси», «Атлетико» (Мадрид), «Рома», «Интер» (Милан), «Тоттенхэм», «Монако», «Андерлехт» сияқты командаларға қарсы кездесулерде алаңға шыққан. Ричард алаңда шабуылдаушы жартылай қорғаушының міндетін атқарады. Алмейда соңғы пас бере алатын немесе шабуылды соңына дейін жеткізуге қауқарлы нәтижелілігі өте жоғары футболшы. Әзербайжанда өткізген ұзақ уақыт бойы Ричард осы елдегі өмірдің нақты жағдайына толықтай бейімделді және оның Қазақстандағы бейімделу кезеңі өте аз болады деп күтеміз. Сондай-ақ, Ричард Алмейданың ойын ерекшеліктері мен еурокубоктік тәжірибесі Әзербайжанда көп жылдар бойы қызмет жасаған «Астананың» бас жаттықтырушысы Роман Григорчукке жақсы таныс.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров