Жарнама
Жарнама

«Саутгемптон» клуб тарихында болмаған жетістікке жетті

07.11.2020, 16:58
Хаззенхютль шәкірттері 6 матч қатарынан жеңілмей келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

«Саутгемптон» футболшылары Премьер-Лиганың сегізінші турында «Ньюкаслды» жеңіп, өз тариында бірінші рет Премьер-Лигада көш бастады.

Саутгемптон қаласындағы "Сент Мэри" стадионында өткен ойын 2-0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қос голды Че Адамс (7-минут) және Стюарт Армстронг (82-ші) соқты.

«Саутгемптон» өзінің жеңіліссіз сериясын алты ойынға дейін ұзартып, 16 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Бір ойын кем өткізген «Ливерпульден» қосымша статистика бойынша алда тұр. 11 ұпайы бар «Ньюкасл» 11-ші орында қалды.

«Саутгемптон» келесі турда 21 қарашада сырт алаңда «Вулверхэмптонмен» ойнайды. Сол күні «Ньюкасл» өз алаңында «Челсиді» қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров