"Челсидің" бас бапкері Маурицио Сарри Эден Азардың клубпен жаңа келісімге келеріне сенім білдірді.
"Азар бізде қалады. Ол жағынан ешқандай мәселе орын алып отырған жоқ. Мен онымен үш-төрт мәрте сөйлестім. Ол бірде-бір рет командадан кететіні туралы айтқан жоқ", - деген Сарридің мәлімдемесін
Sky Sports жеткізді.
"Меніңше, ол осында қалғанынан өзін бақытты сезінеді. Оның жаңа келісім-шарты бойынша еш мәселе туындамауы тиіс", - деді Сарри.
Эден Азардың "Челсимен" келісім-шартының мерзімі 2020 жылдың жазына дейін.