«Ақжайықтың» қорғаушысы Мирам Сапанов Премьер лиганың 24-ші туры аясында өтетін «Ордабасыға» қарсы матчқа қатыса алмайды.
Бұған себеп, футболшы өткен турда «Ақтөбеге» қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда сегізінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.