Сан-Марино құрамамасының жаттықтырушылар штабы Еуро - 2020 іріктеу аясында алдағы Ресей және Қазақстан құрамаларына қарсы матчқа қатысатын футболшылар тізімін жариялады.
Бір қызығы, бас бапкер Франко Варрелла бекіткен қатарда тек 15 ойыншы ғана бар. Олар: қақпашы: Симоне Бенедеттини («Сан-Марино»); Қорғаушылар: : Кристиан Бролли («Фольгоре»), Энрико Казадеи («Ювенес/Догана»), Микеле Чеволи («Сан-Марино»), Андреа Грандони («Маринанезе», Италия), Фабио Витайоли («Тропикал Кориано», Италия);.
Жартылай қорғаушылар: Лука Ченсони («Риччьоне», Италия), Алессандро Голинуччи («Пьетракута», Италия), Лоренцо Лунадеи («Риччьоне», Италия), Марчелло Муларони («Пьетракута», Италия), Фабио Томассини («Пьетракута», Италия), Лука Този («Риччьоне», Италия);.
Шабуылшылар: Николо Ангелини («Доманьяно»), Марко Бернарди («Фольгоре»), Маттео Витайоли («Тропикал Кориано», Италия).
Айта кетейік, Ман-Марино 20 мен 21 мамыр күндері Серравале аралында жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сан-Марино УЕФА рейтингінде соңғы 211 орында, а біздің құрамамыз 116 сатыда келе жатыр.
Қазақстан-Сан-Марино арасындағы матч 11 маусымда "Астана-Арена" стадионында өтеді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.