Жарнама
Жарнама

Салахтың мешітке баруына жанкүйерлер неге кедергі келтірді?

07.06.2019, 00:38
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасында топ жарған соң Мохамед Салах отбасымен өз еліне аттанған-ды. Ал кеше футболшы айт мерекесінің алғашқы күнінде отбасымен кешкісін мешітке намаз оқуға бармақ болып, бара алмаған. Себебі, ойыншының туған қаласына оралғанын естіген жақын маңдағы жанкүйерлер түгел жиналып Салахтың үйін қаумалап кеткен. Нәтижесінде 26 жастағы футболшы мешітке бара алмай тек әйелі мен әкесі ғана кетіпті. Осы оқиғадан соң Салах твиттердегі парақшасында мынандай жазба жариялады: "Кейбір журналистер мен жанкүйерлерге не болып барады. Мында бір адамдар мереке күні құлшылық жасауға бара алмай отырғанынан хабарлары жоқ. Шындап келгенде бұндай қылықтың ешқандай мәні жоқ. Өйткені бұл жеке басқа деген құрмет пен кәсібилікті елемеу". 

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров