Жарнама
Жарнама

Сәтпаевтың трансферінен тапқан ақша тікелей клубқа түседі. «Қайрат» пен «Челси» арасында Дастан Сәтпаевқа бйланысты тағы қандай келісім бар?

Бүгін, 12:15

«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевтың трансферіне байланысты бірнеше тың мәліметті тілге тиек етті.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

Менеджердің айтуынша, жас талант кәмелетке толғанша «Челсиден» келетін маман дайындамақ.    

«Бұл заңнамалық тұрғыда мүмкін емес. Сәтпаев Ұлыбритания азаматы саналмайды. Бірақ, «Челси» ойыншыны елеусіз қалдырмайды, лондондық клуб Дастанмен тығыз жұмыс істеп, кәмелетке келгенше шыңдайтын арнайы бапкерін жібергелі отыр. Ол лондондық клубтың арнайы бағдарламасымен жас футболшыны дайындамақ. Англиялық маман біздің базада тұратын болады. Оның барлық шығынын лондондық клубтың өзі көтеретінін де айта кету керек. Дастанды «Қайраттың» негізгі құрамына тарту мәселесін енді «Челсимен» екеуара отырып, келісеміз. Бұл Қазақтан футболындағы сыртқа іске асқан ең ауқымды трансфер. Оның ақшасы тікелей клубқа келіп түседі», - дейді Қайрат Боранбаев.

Естеріңізде болса, Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны туралы сыбыс қаңтар айында шыққан еді. Артынша бұл ақпаратты белгілі инсайдер Фабрицио Романо да растады. Әйтсе де, «Челси» өкілдері трансферді әлі ресми жарияламаса да, Қайрат Боранбаев аптаның басында Сәтпаевтың трансфері туралы ресми мәлімдеді.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров