Жарнама
Жарнама

Румынияда үлкен талант танылған футболшы «Елімай» жейдесін киді

Бүгін, 11:57

Румыниялық жартылай қорғаушы Эдуард Флореску ҚПЛ-2026-да семейлік клубтың намысын қорғайды.

Эдуард Флореску
Жарнама
Жарнама

Transfermarkt.de мәліметіне сай, «Елімай» еуропалық ойыншы үшін 150 мың еуро төлеген (80 254 500 млн теңге).

Эдуард Флореску осыған дейін «Ботошани» командасының намысын қорғаған. Румыниялық клубта өткен маусымда 22 кездесуде бір гол соғып, бір ассист берген болатын. 27-жастағы футболшы сондай-ақ, «Миовени», «Вииторул», «Арджеш» және «Университатя» жейдесінде доп тепкен еді.

Жартылай қорғаушы бір кездері өз буынындағы дарынды футболшы саналған, алайда, әлеуетін толық паш ете алмаған сыңайлы. Десе де, Эдуард Флореску 2021-жылдан бері Румыния U 23 құрамасының қатарына шақырту алып келеді.         

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров