"Ротор" клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненкомен келісім-шартты бұзды. Бұл туралы волгоградтық клубтың ресми сайты хабарлады.
"Қорғаушымен келісім-шарт қос тараптың келісімі бойынша қосымша төлемдерсіз бұзылды. Юрийдің денсаулығы оның жаттығу процесіне толық қатысуына мүмкіндік бермеді, сондықтан ойыншы мен клуб келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған мәлімдемеде.
Логвиненконың айтуынша, ол мұндай шешімді өзі қабылдаған:
"Мен өзім келісім-шартты бұзуды өтіндім және менің бұл шешімімді қолдағаны үшін клуб басшылығына алғыс айтқым келеді. Мен осындай командада жұмыс істегеніме қуаныштымын және "Роторға" сәттілік, жеңістер мен алға қойған мақсаттарын орындауды тілеймін!" - деп түсіндірді футболшы.
Еске салайық, Логвиненко "Роторға" маусымаралық үзіліс кезінде ауысқан, бірақ жарақатына байланысты дебют жасай алмады. 32 жастағы қорғаушы - "Ақтөбенің" түлегі. Оның соңғы командасы "Астана" болды, онда ол 98 ойын өткізіп, 11 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET