Криштиану Роналдудың "Ювентус" сапындағы А Сериясындағы дебютті матчын 2,3 силлион жанкүйер теледидардан тамашалапты.
Gazzetta dello Sport-тың мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш Sky Italia-ның тарихындағы төртінші көрсеткіш екен. Былтырғы жылғы маусымның алғашқы кездесуімен салыстырғанда "Кьево" - "Ювентус" матчының көрермен саны 68 %-ға көп болған.
Роналдудың дебютті матчынан көп көрермен жинаған ойындар: 2013 және 2016 жж. маусымдағы Италия дербиінің ("Интер"-"Ювентус") матчтары және 2015 жылғы "Рома" мен "Ювентус" арасындағы кездесулер екен.