Жарнама
Жарнама

Роналду әлі гол соқпады, голдық пас берді (Видео)

26.08.2018, 05:35
Жарнама
Жарнама
"Ювентустың" сапында екінші ресми матчын өткізген португалдық ойыншы гол соға алмады. Италияның А Сериясының "Ювентус" - "Лацио" кездесуі Криштиану Роналду үшін жаңа клуб қатарындағы екінші ойын болды. Ойын 2:0 есебімен туриндік клубтың пайдасына шешілді. Португалдық ойыншының гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болғанымен, нәтиже шығара алмады. Десек те, сондай бір сәттердің бірінде дәл Роналдудың аяғынан серпілген допты әріптесі Манджукич қақпаға тоғыта білді. "Ювентус" - "Лацио" - 2:0 (1:0) Голдар: Пьянич, 30 (1:0). Манджукич, 75 (2:0). https://youtu.be/U1OkVZ_DDjM?t=1
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров