Италия суперкубогы бұл жолы Сауд Арабиясында өтті. Матчтың 61 минутында Миралем Пьяничтің пасынан Криштиану Роналду гол салды. Бұл доп жеңісті болып қала берді. Ал Криштиану болса өзі өнер көрсеткен 4 мемлекеттің Суперкубогының иегері деген атақ алды. Ал "Ювентус" сапында Роналду алғашқы трофейіне қол жеткізді.
Ал "Ювентус" болса Италия суперкубоктары бойынша "Миланды" басып озды. "Юведе" қазір 8 болса, "Миланда" 7-еу. Сондай-ақ "Интердің" бұл турнирді 5 мәрте ұтқанын да айта кетейік.
Италия Суперкубогы"Ювентус" - "Милан" - 1:0 (0:0)Гол: Криштиану Роналду, 61.
"Ювентус": Щенсны, Жоау Канселу, Кьеллини, Бонуччи, Сандру, Пьянич (Эмре Джан, 65), Матюиди, Бентанкур (Бернардески, 86), Криштиану Роналду, Дибала, Дуглас Коста (Хедира, 89).
"Милан": Дж.Доннарумма, Калабрия, Романьоли, Сапата, Родригес, Самуэль Кастильехо (Борини, 71), Бакайоко, Кессье, Лукас Пакета (Игуаин, 71), Хакан Чалханоглу, Кутроне (Конти, 79).
Ескертулер: Хакан Чалханоглу, 21. Сандру, 26. Пьянич, 44. Самуэль Кастильехо, 45+2. Калабрия, 82. Родригес, 87. Дибала, 90+4.
Алаңнан қуылған: Кессье, 73.
Төреші: Банти.
16 января. Джедда. Стадион "King Abdullah Sports City".