"Интер" мен "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Модричтің миландық клубқа ауысу мүмкіндігі туралы ойымен бөлісті.
- Трансферлік нарықта күтпеген жағдайлар орын алып жатады, ешқандай болжам жасай алмайсың. Алайда, "Интер" шынында Лука Модричті қатарына алғысы келсе, оның Италияға көшуіне тілектеспін. "Ювентуске" Криштиану Роналдудың келгенінен А Сериясына қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз, ал егер, Модричтің трансфері орын алса, қызығушылық одан да арта түседі", - деген ойын
Sky Sports жеткізді.
32 жасар ойыншы "Реал" президентінен "Интер" қатарына ауысуына рұқсат сұрапты. Миландық клуб хорват үшін 40 миллион еуро ұсынып отырған көрінеді, мадридтік клуб 60 миллион сұрап отыр екен.