Жарнама
Жарнама

Рональд Куман бұрынғы қызметіне қайта оралмақ

21.03.2022, 21:39
Куман қазір өзінің бапкерлік штабын жасақтауда.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» бұрынғы тәлімгері Рональд Куман Нидерланды құрамасының бас бапкері атануы мүмкін. Ол келісім-шарты 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқталатын Луи ван Галдың орнын басады, деп хабарлайды NOS порталы.

Қазір жұмыссыз жүрген Куман өзінің бапкерлік құрамын жасақтауда, сондай-ақ Нидерланды футбол одағымен келіссөздер жүргізіп үлгерді. Ол қазан айының соңында «Барселонадан» қуылған болатын.

Куман 2018-2020 жылдар аралығында Нидерланды құрамасының жаттықтырушысы болған. Оные жетекшілігімен команда 2019 жылдың жазында Ұлттар лигасының финалына шығып, финалда Португалиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров