Жарнама
Жарнама

Ромелу Лукаку - "Интер" ойыншысы атануға жақын тұр

20.06.2019, 21:24
Жарнама
Жарнама
"Манчестер Юнайтед"  сұрмергені Ромелу Лукаку "Интер" клубымен жеке келісім-шарт жасап үлгеріпті. "The Sun" сайтының мәліметінше, шабуылшы "МЮ" басшылығымен кездесіп, өзін клуб 75 млн. фунтқа (84 млн. еуро) сату туралы ауызша келісімге келіп те үлгеріпті.  Ал бельгиялық ойыншының агенті Федерико Пасторелло "Интермен" келіссөздерді аяқтап тастаған. Енді тек ресми хабарландыруды күту ғана қалған. Жаңа келісім-шарт бойынша, Лукаку "Интерде" аптасына 180 мың еуро жалақы алмақ. Естеріңізге сала кетейік, Ромелу Манчестер Юнайтед сапына 2017 жылы келген-ді. Өткен маусымда ойыншы 32 ойынға қатысып, 12 гол соққан. "МЮ"-мен арадағы келісім-шарт 2022 жылға дейін жарамды болғанына қарамастан 26 жастағы футболшы өз мүмкіндігін басқа біріншілікте сынап көруді жөн санапты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров