Италияндық "Романың" жанкүйерлері команданың белді ойыншыларының сатылғанына наразы.
Италия чемпионатының 3-ші турында римдіктердің "Миланнан" жеңілісінен (1:2) кейін клубтың базасына "Скудетто үшін көп нәрсе жасалды, Чемпиондар Лигасы үшін көп нәрсе жасалды. Сендердің жүлделерің - ол тек табыс пен сауда", - деген баннермен жиналды.
"Рома" жазғы трансферлік кезеңде қақпашы Алиссонды "Ливерпульге", Раджа Найнголланды "Интерге" және трансферлік кезеңнің соңғы күндерінде Кевин Стротманды "Марсельге" сатып жіберген.