![](https://sun9-5.userapi.com/c635106/v635106939/c570/5QeFZDoDAt0.jpg)
«Динамо Загреб» - «Астана» арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңінің жауапты ойынында астаналықтар сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Дәл қазір менің көңіл-күйім ешкімге қызық емес деп ойлаймын. Тек қана қарсылас команданы келесі кезеңге өтуімен құттықтау ғана қалып отыр. Жеңіліп қалғанымыз өте өкінішті.
- Ойыншы алмастыруда кешігіп қалдым деп ойламайсыз ба?
- Ойыннан кейін бұл туралы айту өте қиын. Бұл сұраққа дәл қазір нақты жауап беру қиын. Алдымен ойынды толықтай талдап шығу қажет.
- Шабуыл шебінде өткірлік болмады. Осы пікірмен келісесіз бе?
- Мен сізбен толықтай келісемін.