- Команда 13 мәрте стадандарттық жағдай орындағанымен, қарсылас команда қақпасына бірде-бір мәрте допты тоғыта алмады. Мұның себебін түсіндіре аласыз ба?
- Бір жағынан алғанда осындай стандарттық жағдайды туғыза алғанымыздың өзі жақсы. Екінші жағынан одан нәтиже шығару бар. Бізге әлі де осы жағдай бойынша көп жұмыс жасау қажет. Менің ойымша біз бүгін стандарттық жағдайларды лайықты пайдаланып, екінші қабаттағы мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Және бүгінгі кездесуде қарсылас команда бізге қарсы жақсы қорғанғанын да айта кеткен жөн. Ең бастысы біз жеңіске жеттік. Осы нәтиженің өзі біздің көңілімізден шығады. Егер ойын есебі туралы айтар болсақ, біз ешкімді де кінәламай, осы ойын есебін бағалауға тиіспіз. Осы жеңіс үшін бір Құдайға алғыс білдіріп, ертеңгі күнге басымызды тік көтеріп жүре алатынымызға шүкір деуіміз қажет.
- Рукавинаның бүгінгі көрсеткен ойыны көңіліңізден шықты ма?
- Антонионың да, басқа команда ойыншыларының да ойыны мені толықтай қанағаттандырды. Бізге алда үлкен жұмыс жасау қажет.
- Алаң жиегінен қарағанда бүгін Серікжан Мужиковтың ойыны жүрмегендей көрінді. Оны неліктен тек соңғы минутта алмастырдыңыз?
- Мен сіздің бұл пікіріңізбен келіспеймін. Серікжанның ойын барысында шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында нақты дұрыс шешім қабылдай алмаған сәттер болды. Дегенмен, ол алаңда үлкен жұмыс атқара білді.
- Команда көп шабуыл жасағанмен, гол соғу қиын болып жатыр. Бұл мәселе Сізді алаңдатпай ма?
- Әрине, қандай керемет шабуылдар болғанымен, ол егер нәтижелі аяқталмаса, одан ләззат алу өте қиын. Бізге бүгінгі кездесуде 1-2 соғылған гол ғана жетіскен жоқ. Егер ол голдар соғылған жағдайда, журналистермен басқаша әңгімелескен болар едік. Сіздер алаңдамасаңыздар да болады. Себебі, барлығы жақсы деп сеніммен айта аламын. Біз өз ойынымызды жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.
- Команда үшінші рет алғашқы іріктеу кезеңінде сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Бұл команданың бірінші нөмірмен сәтсіз ойнайды деген сөз бе?
- Мен бұл пікірмен де келіспеймін. Біз бүгінгі кездесуді толықтай бақылауда ұстап, тек бір ғана қақпаға ойнадық десем артық емес. Бұл жерде бар мәселе, шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында. Бізге алда әлі де көп еңбектену қажет.
- Клуб басшылығы шабуыл шебіне жаңа ойыншылар алуға уәде берді ме?
- Бұл мәселе бойынша жұмыс жүріп жатыр. Шабуыл шебіне тың күш қажет екендігін барлығымыз түсінеміз. Дегенмен, дәл осы мәселе бойынша үлкен жұмыс жасалу үстінде. «Астана» командасының деңгейіне сай келетін ойыншы табу да қиын. Алайда, біз шабуыл шебіне жаңа ойыншылар келеді деген ойдамыз.
- Алмейда «Сутьескаға» қарсы жауапты кездесуде алаңға шығуға дайын ба?
- Менің оған күмәнім бар. Ол екі ай үзілістен кейін, небәрі алты күн ғана жаттығу жұмыстарын жасап жатыр. Спортты алдай алмайсың. Сол себепті, ойыншының денсаулығымен тәуекелге барып, алаңға шығару біздің тарапымыздан дұрыс болмайды деген ойдамын.
Біздің серіктес: FONBET