Жарнама
Жарнама

Роберт Левандовски «FIFA» нұсқасы бойынша жыл ойыншысы атанды

18.12.2020, 07:57
«FIFA» 2019/20 маусымының ең үздік футболшысын атады.
Жарнама
Жарнама


 «Бавария» футбол клубының көшбасшыларының бірі польшалық шабуылшы Роберт Левандовски «FIFA» - ның «Жылдың ең үздік ойыншысы» атағын өз қанжығасына еншіледі. Аталмыш марапаттау рәсімі 17 желтоқсанда, аптаның бейсенбі күнінде онлайн түрде өтті.

 Бұл атаққа тағы да туриндік «Ювентустың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду мен каталондық «Барселонаның» капитаны Лионель Месси де осы жүлде үшін күреске түскен болатын.

 2020 жылы Левандовски Мюнхеннің «Бавариясымен» бірге Германия чемпионатында, Германия Кубогында топ жарып, Чемпиондар лигасының чемпиондары болды, және де Левандовски Бундеслига және Чемпиондар лигасындағы ең үздік сұрмерген атанған болатын.

«FIFA» -ның үздік ойыншы атағы- 1991 жылдан бастап жыл сайын беріліп келе жатқан футбол жүлделердің бірі. Бастапқыда оны тек бірнеше үздік футболшылар алды, бірақ 2001 жылдан бастап «Үздік футболшы» номинациясы бекітілген болатын. 2010-2015 жылдар аралығында бұл жүлде иелері тек үздік ойын өрнегімен көзге түскен әйел аяқдопшыларына берілген еді. Ал «Үздік Футболшы» жүлдесін «FIFA» ұйымы «France Football» журналымен қосылып, «FIFA Ballon d'Or» атты марапатымен біраз футболшыларды қуантқан болатын.

 Бірақ, 2016 жылы FIFA мен France Football серіктестігін аяқталып, cол жылы марапаттар қайтадан бөлек тағайындалды.

 Айта кетейік, өткен жылы Лионель Месси осы жүлдеге таласқа түсіп, өз қанжығасына байлаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров