Алжирлік ойыншы Англия чемпионы сапына осы аптада ауысады.
"Лестердің" жартылай қорғаушысы Рияд Марез "Манчестер Ситиге" ресми ауысуын осы аптада аяқтауы мүмкін. 27 жасар ойыншы 60 миллион фунтқа бағаланып отырған көрінеді. Алжирлік "Лестердің" маусым алды жиынына қатыспай, клуб басшылығы спорттық бабын жеке қалыпта ұстауға келісімін берген екен.