Жарнама
Жарнама

Ричард Алмейда «Астанамен» келісімшарт жасады

04.07.2018, 20:57
Жарнама
Жарнама
«Астана» футбол клубы Әзірбайжан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ричард Алмейдамен еңбек келісімшартына қол қойды. Ричард Бразилияда дүниеге келіп, өзінің еңбек жолын осы елде «Санта Андре» командасы сапында бастап, одан кейін португалиялық «Жиль Висенте» сапына ауысып, ол жақта екі табысты маусым өткізген. Ал Алмейда 2012 жылы әзірбайжандық «Карабах» сапына қосылып, қысқа мерзімнің ішінде клубтың көшбасшына айнала білді. Дәл осы клуб сапында Алмейда 216 ойында алаңға шығып, 48 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Алмейда – бес дүркін Әзірбайжан чемпионы. «Карабах» командасының Әзірбайжан чемпионатындағы және Еуропадағы қазірге дейін жеткен жетістіктері Алмейдамен тікелей байланысты. Алмейда «Карабах» құрамында УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында дебют жасап, еурокубоктерде 30 ойында алаңға шығып, лондондық «Тотенхем» және бельгиялық «Андерлехт» қақпасына гол соқты. Алмейда 2017 жылы Әзірбайжан азаматтығын алып, осы ұлттық құрама сапында дебют жасады. Ричард қазірге дейін Әзірбайжан құрамасы сапында 8 ойын өткізіп үлгерді. Ричард Алмейда, Туған күні: 20.03.1989 Алаңдағы орны: орталық жартылай қорғаушы / шабуылдаушы жартылай қорғаушы / тірек жартылай қорғаушы Бойы, салмағы: 178 см, 67 кг Азаматтығы: Әзірбайжан Ұлттық құрама сапында өткізген ойындар саны: 8
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров