Жарнама
Жарнама

РЕСМИ: Цхадедзе «Ордабасыны» жаттықтырады

16.06.2018, 03:36
Жарнама
Жарнама
Алматылық «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе «Ордабасы» клубын жаттықтырады. Естеріңізде сала кетейік, болгар маманы Георги Дерменджиев 12 маусым күні қызметінен босатылған болатын. Грузиндік бапкердің Шымкенттің клубымен келісім-шарты маусымның соңына дейін жоспарланған. Алматылық клубты Цхададзе 2016 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың шілдесіне дейін басқарды. Осы уақыт аралығында «Қайрат» Қазақстан кубогын, Суперкубок пен ҚПЛ-дың күміс медальдарын жеңіп алды. Еуропа лигасының біліктілігінің екінші айналымында албаниялық «Скендербеуге» (1: 1, 0: 2) есе жібергеннен кейін Кахабер Цхададзе қызметінен босатқан еді. Қазақстанға дейін Грузияның ұлттық және жастар құрама командасын, Әзірбайжанның «Стандарт» және «Интер» клубтарын, сондай-ақ Грузияның «Сиони», «Локомотив» және «Динамо» клубтарын басқарды Prosports.kz 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров