Санаулы сəттер бұрын ғана "Манчестер Юнайтед" Харри Магуайрды "Лестерден" сатып алғанын хабарлады. Трансфер құны 80 млн. фунттты (87 млн. еуро) құрады. Харри мен "қызыл сойқандар" 6 жылдық келісім шартқа отырды. Кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қорғаушы жылына 5.5 млн. еуро жалақы алмақ.
Яғни, Харри Магуайр футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанды. Бұған дейін аталған көрсеткіш "Саутгемптоннан" "Ливерпульге" 81.9 млн. еуроға ауысқан Вирджил ван Дейкке тиесілі еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET