Жарнама
Жарнама

Ресми: Артем Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

01.03.2025, 13:32

«Акрон» клубының шабуылшсы Артем Дзюба «Қайратпен» ешқандай келіссөз жүргізбеген.

Артем Дзюба
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы футболшының агенті Леонид Гольдман «Спорт-Экспреске» берген сұқбатында мәлімдеген болатын. 

«Артем мен «Қайраттың» басшысы шынымен таныс екенін білемін, алайда трансфер туралы әңгіме көтерілмеген әрі ол мүмкін де емес еді. Қазіргі бар ойымыз «Акронның» мақсаттарымен байланысты», - деді ресейлік менеджер. 

Айта кетейік, Артем Дзюба мансабында ресейлік "Локомотив", "Спартак", "Томь", "Ростов", "Зенит", "Арсенал" және түркиялық "Адана Демирспор" сапында өнер көрсеткен.

«Қайрат» былтыр ҚПЛ-ді ұтып, «Ақтөбемен» болған тартыста Қазақстан Суперкубогін еншіледі. Жазда алматылылықтар ел намысын ЧЛ-ның іріктеу кезеңдерінде қорғамақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров