"Армандар театрында" доп тебетін баланың арманы осындай.
"Tribal Football" порталының мәліметіне сүйенсек, "МЮ" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Каталония астанасына қоныс аударуды жоспарлап жүргенін клуб басшылары мен əріптестеріне айтқан. Ал командаластары мен басшылық 21 жастағы сұрмергеннің бұл шешіміне түбегейлі қарсы.
Естеріңізге сала кетейік, АПЛ-ның 35 турында сырт алаңда "Эвертонға" 4-0 есебімен ұтылып қалғаннан кейін "қызыл сойқандардың" ойыншылары өз ара кикілжіңге келіп қалғанын жазғанбыз. Міне, сол жайтқа осы мəселе де себеп болса керек-ті.
Тағы бір мәліметтер бойынша, "Барселона" Рэшфорд үшін 100 млн еуро төлеуге əзір көрінеді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.