Елордалық "Астана" 25 жастағы шабуылшы Абат Айымбетовті "Крылья Советов" клубынан жалға алу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Матч ТВ.
Дереккөздің хабарлауынша, нақты мәліметтер алдағы екі-үш күнде пайда болады. Мәселе іс жүзінде шешіліп қойды, қос клуб 25 жастағы шабуылшыға жалақы төлеу мәселесін талқылауда.
Футболшы қысқы трансферлік терезе жабылар тұста "Крылья Советов" клубына ауысқан болатын. Команданың бас бапкері Игорь Осинькин ойыншыға сенім артпады. Шабуылшы ФНЛ-дің ағымдағы маусымында бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET