Жарнама
Жарнама

Ресейлік клубта доп тепкен қазақстандық шабуылшы «Ақсу» клубына қосылды

23.03.2021, 23:46
Шабуылшы «Оқжетпес» сапында қаралымнан өте алмады.
Жарнама
Жарнама

Бір аптадан кейін 31 жасқа толатын қазақстандық шабуылшыТимур Байжанов павлодарлық «Ақсу» футбол клубына келіп қосылды, деп хабарлайды Kazfootball kz.

Павлодар футболының түлегі Тимур Байжанов өткен жылдың жазында Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын «Тюмень» командасына ауысқан болатын, алайда ресейлік команда сапында бірде-бір ойынға қатыспаған. Ағымдағы маусымның басында Байжанов Сочидегі жиында командасымен қош айтысып, көкшетаулық «Оқжетпес» сапына қаралымға келген болатын. Бірақ шабуылшы бапкерлік құрамның көңілінен шыға алмады. Қазір Тимур «Ақсу» клубында жаттығып жүр. 

Бұған дейін Тимур Байжанов «Ақ Бұлақ», «Қазақмыс», «Қайсар», «Қайрат», «Екібастұз», семейлік «Спартак», «Қызыл-Жар», «Тараз», «Оқжетпес» пен «Ертіс» командаларында доп тепкен. Қазақстан құрамасының сапында 1 ойын өткізген. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров