Жарнама
Жарнама

Ресей Салахы бар Мысырды қалай жеңді

20.06.2018, 23:50
Жарнама
Жарнама
Кеше Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының 2-турының ойындары басталды. А тобындағы Ресей мен Мысыр футболшылары өзара жолықты. Осы ойынды талдап көрсек. Мохамед Салах  Матчтың алдында Мысыр құрамасын жоғары бағалап жатқандар көп болды. Әрине, Египеттің ойынын көріп жүргендердің аз екенін білемін, бірақ Салах жүрген соң бірдеңеден үміттенген шығар. Бірақ кеше Салах Ресейдің 39 жастағы қорғаушысы Сергей Игнашевичтен айласын асырмады. Допқа талас кезінде үш рет ресейлік қорғаушыдан ұтылып қалды. Жалпы, Станислав Черчесов Мохамедтен қауіптенгі байқалып тұр. Сол қапталға Юрий Жирковтан бөлек, Роман Зобнин, Юрий Газинский, Денис Черышевті жұмылдырыпты. Яғни Салахты тоқтату Жирковқа тапсырылғанымен, оған жоғарыда аталған үшеуі де көмектесіп жүрді. Мысыр сүйрейді деген Салах пенальти соққаны болмаса, өзің көрсете алған жоқ. Бәлкім жарақаты әлі жазылмаған болар. Сондай-ақ Мохамедке «Ливерпульдағы» әріптестері сияқты пас шығаратын ешкім болған жоқ.
Матчтың тағдырын шешкен автогол Сосын мынаны айта кетуге болады. Бірінші гол ойынның тағдырын шешті. Автоголдан кейін Мысыр футболшылары өз-өздеріне сенбеді. Өйткені, ресейлік футболшыларға тең нәтиженің өзі қолайлы болатын. Ал Мысыр жігіттеріне жеңіс ауадай қажет болды. Әйтпесе, тоқтан шыға алмайтыны анық еді. Сондықтан 15 минуттың ішінде үш доп жіберіп алды. Денис Черышев Аршавиннен кейін орыс футболында бірдеңе көрсетуі мүмкін деген ойыншы осы – Денис Черышев. Әрине, техникалық арсеналы Андрейге жетпесе де, Испанияда өскен футболшы. Арабияға соққаны да, кешегі голы да керемет. Мамандар ойыннан кейін Денисті мачтың үздігі деп таныды. Роман Зобнин Зобнин кезекті керемет ойынын өткізді. Бұл жігіт қажет жерден табыла білді. Алаңды жақсы көре біледі екен. Сол қапталдағы Жирковқа да көмектесіп жүрді. Пасты тігінен де, көлденең де тура бере алады. Черчесовті чемпионаттың алдында «физрук» дегендер көп болды. Шыны керек, мен де әлі күнге осындай пікірдемін. Бірақ осы чемпионаттың Черчесовтің штабы алғашқы екі қарсыласының осал дұрыс зерттей алыпты. Сауд Арабиясына бөлек, Египетке басқа тактика қолданған. Чемпионаттың ашылуындағы ойында жылдам қарымта шабуыл, прессинг көп болса, бұл жолы допты әуелетіп беруді жиі қолданды.

Бек ТӨЛЕУОВ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров