Галактикос Германия құрамасы мен «Лейпциг» ойыншысы Тимо Вернерді өз қатарына қосудан ниетті. Sky Sports in Germany мәліметінше, жазда шабуылшының құны 30-60 млн. еуро аралығында болмақ.
Сонымен қатар, ертеректе Мюнхеннің «Бавариясы» футболшыға қызығушылық танытқан-ды.
Айта кетейік, Тимо Вернер биыл Бундеслигада «Лейпциг» сапында 17 матчқа қатысып, 18 гол салған және 6 рет нәтижелі пас берген. Келісім-шарты 2023 жылға дейін жарамды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET