Жарнама
Жарнама

"Реал" қақпасында Навас Ла Лигада, Куртуа Испания кубогі мен ЧЛ-да ойнайды

18.08.2018, 02:24
Жарнама
Жарнама
"Реалдың" бас бапкері Хулен Лопетеги қақпашылар Тибо Куртуа мен Кейлор Навасқа ойын уақыттарын үлестірді. AS басылымының хабарлауынша, бас бапкер Навасты Испания чемпионатында, ал Куртуаны Чемпиондар Лигасы мен Испания кубогі ойындарында пайдаланатын болып шешіпті. Ақпарат көзі осы жазда "Реал" қатарына қосылған украиналық Андрей Лунин туралы ешнәрсе айтпаған. Естеріңізге сала кетсек, Тибо Куртуа "Реалға" "Челсиден" 35 миллион еуроға сатып алынған болатын.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров