Жарнама
Жарнама

"Реал" Модричтің жалақысын екі есеге арттырады

11.08.2018, 07:15
Жарнама
Жарнама
"Реал" Модричті "Интерге" жібермеу амалдарын қарастырып жатыр. Бұған дейін "Интердің" Лука Модричке қызығушылық танытып отырғаны БАҚ-да хабарланған болатын. Миландық клуб хорват ойыншысына 10 миллион еуро жалақы тағайындауға дайын көрінеді. Marca-ның хабарлауынша, мадридтіктер Модричтің жылдық жалақысын 6,5 миллион еуродан екі есеге көбейтуге дайын екен, бастысы хорват "Реалдан" кетпесе болғаны. Модричтің клубпен келісім-шартында оны тек 750 миллион еуроға сату қарастырылған, алайда, клуб пен ойыншы арасында егер, ойыншы клубтан кетуге ниет білдірсе, клуб еш бөгет жасамауы тиіс, - деген ауызша келісімдері де бар көрінеді.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров