Жарнама
Жарнама

«Реал» мен «Рома» матчына болжам

19.09.2018, 19:32
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасының бірінші турының екінші жарыс күніндегі орталық ойын деп, «Реал» мен «Рома» кездесуін айтуға болады. Былтырғы маусымда біреуі чемпион атанса, екіншісі жартылай финалға жеткен. «Рома» Месси бастаған «Барселонаның» өзің жарыстан шығарып тастаған. Бірақ одан бері көп нәрсе өзгерді. «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан және команда көшбасшысы Роналду кетті. «Ромадан» да – Стротман, Наингголан, Алиссон өзге командаларға ауысты. «Реал» – соңғы үш маусымда Чемпиондар лигасынде бас жүлдені ешкімге бермей жүр. Биыл оңай бола қоймас. Дегенмен, алғашқы турда жанкүйерлерін қуантып, жарысты жеңіспен бастауға тырысары анық. Осының алдында Бильбаода «Атлетикті» ұта алмай, Испания чемпионатында 2 ұпай жоғалтқан болатын. «Рома» «Кьево» командасымен бірінші таймды жоғары деңгейде өткізді. 2:0 есебімен алда тұрған. Үзілістен кейін қарсыласына таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Әзірге бас бапкер Эусебио Ди Франческоның командасына тұрақтылық жетіспейді. Менің болжамым бұл ойында екі командада гол соғады және «Реал» ұтады: П1 және екеуі де соғады – 2.16 коэффицент.

Бек Төлеуов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров