Мадридтік «Реалдың» баспасөз қызметі бастапқыда «Сантьяго Бернабеу» стадионын қайта құру жобасына кірмеген жұмыстарды жасау үшін несие алғаны туралы мәлімдеме жасады.
Мадридтік клуб жалпы сомасы 225 миллион еуроны құрайтын несиені 27 жылға деп алған екен. Бұл ақшаны стадионның астына жылу беріп тұратын құрылғыларды орнату үшін қолданбақ.
Естеріңізге сала кетейік, «Сантьяго Бернабеу» стадионы осы жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Бірақ жылу құрылғыларын орнату қиын болғандықтан, оны алғашқы құрылыс жоспарына қоспаған екен.
Біздің серіктес: FONBET