Жарнама
Жарнама

"Реал" апта соңында дейін 3 ойыншыны сатып алмақ

04.06.2019, 16:24
Жарнама
Жарнама
"Marca" газетінің мәліметіне сүйенсек, "Реал" осы аптаның соңына дейін 3 бірдей жаңа ойыншының клуб сапына ауысқанын жариялауға ниетті. Олар -   "Челси" шабуылшысы Эден Азар, "Лион" қорғаушысы Ферлан Менди мен "Айнтрахт" сұрмергені - Лука Йович. "Галактикос" белгиялық футболшы үшін жобамен 120 млн. евро төлеуі мүмкін делінсе, Йовичті "Реал" 70 млн. евроға сатып алуы мүмкін. Ал француз қорғаушысының трансферлік құны туралы ақпарат жоқ. Биыл; -Азар АПЛ-да 37 матчқа қатысып, 16 гол салған, 15 нәтижелі пас берген. -Менди Францияның 1 Лигасында 30 ойын өткізіп, 2 гол, 1 нәтижелі пас авторы. -Йович Бундеслиганың 32 матчында 17 гол, 5 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров