"Реал" бразиляилық жас шабуылшы Винисиус Жуниорды қатарына қосты.
Корольдік клубтың ресми Твиттеріне сілтеме жасай отырып, "Спорт-Экспресстің" хабарлауынша, келісім-шартқа қол қоюға Флорентино Перестің өзі қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, "Фламенгомен" ойыншыны алу туралы келісім 2017 жылдың жазында жасалған еді. Бүгін, шілденің 20-да келісім-шарт заңды күшіне енді, себебі ойыншы кәмелет жасына толған болатын.
2018 жылы жас шабуылшы клуб сапында 19 ойын өткізіп, 6 гол салып, 3 голдық пас берген екен.
https://twitter.com/realmadrid/status/1020262101133164545