«Біз бүгінгі ойында қарсылас командадан толықтай басым болдық. Өте жақсы ойын өткіздік десем артық емес. Стадиондағы жанкүйерлердің де қолдауы өте ерекше болды. Бұл жеңістен кейінгі көңіл-күйіміз өте керемет. Біздің жанкүйерлеріміз бақытты болса, біз де бақыттымыз. Ойынның екінші бөлігі бірінші тайммен салыстырғанда қиындау өрбіді. Қарсылас команда есепті теңестірген кезде, бізде біршама мәселелер туындады. Дегенмен, біз өзімізге тән ойын үлгісінен ажырамай, қарсылас қақпасына қауіп төндірумен болдық. Нәтижесінде, соңғы секундтарда гол соғып, жеңіске жеттік. Даниядағы ойында бүгінгі бастаған ісімізді соңына дейін жеткізетін боламыз.
Маған алаңда 90 минут бойы өнер көрсету үшін әлі де физикалық мүмкіндіктерімді арттыру қажет. Өзімнің нағыз спорттық бабыма келуім үшін барынша еңбектеніп жатырмын.
Біздің серіктес: FONBET