Жарнама
Жарнама

Рамос "Реалдан" қарызын төлеу ішін кетпек. Ал ол қандай қарыз?

30.05.2019, 18:36
Жарнама
Жарнама
"Реал Мадрид" капитаны Серхио Рамос жуырда клубтан кетеді деген мәлімет шыққаны белгілі. Кейбір ақпарат көздері испандық қорғаушы Қытай клубтарының бірімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтады. Осы төңіректе "Рамос неге дәл қазір басқа клубқа кеткісі келеді?" деген сұрақтың туындауы заңды. "Sport.es" мәліметінше, 33 жастағы қорғаушы "галактикос" сапынан қаржылық қиындықтарға байланысты кетуге ниетті. Мәселе, жалақы емес. Серхио "Santander" банкінен Мадрид маңынан тұрғын үй кешенін салу үшін жер телімін сатып алуға несие алған мыс. Алайда, Ромостың ойлағанына қала әкімшілігі жүзеге асыруға келісім бермей отыр. Енді Рамос банкке 35 млн еуро көлемінде қарыз болып отыр. Қазір футболшы банкпен арадағы келеңсіздікті шешеуге кірісіп те кеткен. Жақында ол алған жер телімін қайтарып беруі де мүмкін. Футболшы Реал сапында жылына 12 млн. еуро жалақы алады. Ал бұл берешегін өтеуге жетпейтіні тағы белгілі. Сондықтан, жоғары жалақы ұсынып отырған Қытай клубына кетуді жөн көріп отыр екен.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров