"Жас Ұланға" қарсы матчта(2:1) "Астана"-U21 шабуылшысы Рамазан Кəрімов Екінші Лигадағы өзінің 30-шы голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша 19 жасар ойыншы өз командаласы Владислав Прокопенкомен теңесті жəне біріншілік тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынды бөлісіп тұр.
Рамазан Кəрімов "Астана"-U21 сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін ол Екінші Лига аясында 49 матчқа қатысып, 30 гол салған