Жарнама
Жарнама

Қызық, Гризманның трансферінде "Реал Сосьедадтың" қандай үлесі бар?

13.07.2019, 07:17
Жарнама
Жарнама

Бүгін "Барселона" біразға созылған трансферлік жырдың нүктесін қойды. Енді алдағы маусымнан бастап Антуан Гризманн "блауграна" жейдесінде өнер көрсетеді. Жалпы оның трансфері 120 млн. еуромен әлемдегі ең қымбат трансферлердің бестігіне енді.

Ал осы аралықта франциялық шабуылшының трансферінен оның бұрыңғы клубы "Реал Сосьедад" 24 млн. еуро алады. Өйткені, 2005-09 жылдар аралығында Антуан осы ұжым сапында ойнағандықтан 20 пайыз трансфердің үлесі "Сосьедадқа" түсіп тұрады.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгін "Атлетико" Барселонаның үстінене сотқа шағым түсірмек ниетте. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. Мадрид ұжымы "блауграна" бұл трансферді әділ жүзеге асырмай, футболшымен 1 шілдеге дейін жеке келісім жасасты деп есептейді. "Матрасшылар" өтемақы ретінде сот арқылы тағы 80 млн. еуро өндіріп алуға бекініп отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров