"Қызылжар" украиналық қорғаушы Олександр Стеценкомен келісім-шарт жасасқаны туралы KazFootball.kz басылымы клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Стеценко Киевтің "Динамосының" түлегі. Киевтік грандтан бөлек, «Металлист» (Харьков), «Арсенал» (Киев), «Севастополь», «Десна» (Чернигов), «Николаев», «Полтава» және «Истиклол» (Душанбе) клубтарында өнер көрсеткен екен.