Келер жылы ел біріншілігінде бақ сынауға мүмкіндік беретін «Ертіс» пен «Қыран» арасындағы өтпелі матчтың алғашқысы да өтті. «Қыран» өз алаңында «Ертістен» жауапсыз 3 гол жіберіп алды.
«Биік» спорт кешенінде өткен ойындағы тартыс көпке созылған жоқ. Матчтың басында айып соққысынан кейін қонақтар есепте алға шықты. Гол авторы – Антонио Родриго.
[playlist type="video" ids="33800"]
Ал тайм түгесілер тұста «Ертіс» жартылай қорғаушысы Кирилл Шестаков өз командасының басымдығын еселей түсті.
[playlist type="video" ids="33801"]
Екінші таймның басында «Қыран» қақпашысы Исмаил Әскеров допты қабылдау кезінде өрескел қателік жіберіп қақпасынан 3 допты алып шығуға мәжбүр болды.
[playlist type="video" ids="33802"]
Видеолар инстаграмдағы PFLKAZ парақшасынан алынды.«Қыран» — «Ертіс» 0:3. Голдар: Антонио 8 (0:1), Шестаков 41 (0:2), Пазылхан автогол 48 (0:3).
Естеріңізге сала кетейік, жауапты ойын 20 қараша күні Павлодарда өтеді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.