Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанды

24.08.2021, 23:59
68 жастағы маман алматылық клубтың тізгінін үшінші мәрте ұстағалы отыр
Жарнама
Жарнама

Алматылық "Қайрат" Құрбан Бердыевтың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады.

68 жастағы маман алматылық клубтың тізгінін үшінші мәрте ұстағалы отыр. Бердыев бұған дейін 1991-93 және 1994-95 жылдар аралығында "Қайраттың" бас бапкері болған.

Бердыев биыл "Қайраттың" бас бапкері атанған үшінші маман. Бұған дейін алматылық команданың Алексей Шпилевский жаттықтырды. Бірақ ол маусым басында германиялық командаға кетті. Кейін маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді. Алайда бұл маман Еуропа лигасындағы сәтсіздіктен кейін қызметінен кетті. Содан соң бас бапкер қызметін уақытша Артем Гавриленко атқарып келді. 

Айта кетейік, Бердыев мамыр айынан бері "Қайратта" кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров