"Тобыл" - "Шахтёр" 2:0.
Гол авторлары: Б. Тұрысбек, 25 мин, А. Нұрғалиев, 59 мин.
"Тобыл-Арена" манежі. 3 000 жанкүйер.
"Тобыл" ойын басынан жеңіске дəмелі екенін бірден байқатты. Барынша жинақы ойын көрсеткен алаң қожайындары 25 минутта гол салды. Азат Нұрғалиев орындаған бұрыштамадан соң Бауыржан Тұрысбек жақын бұрышқа допты сүңгітіп салды. Осыдан соң "Тобыл" тағы бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Бірақ Игорь Шацкий сенімді ойынымен қақпасын аман алып қалып тұрды.
Ойынның екінші бөлігінде Тобыл есепті еселеп кетті. 59 минутта Артурас Жулпа берген керемет пастан кейін Азат Нұрғалиев жойқан соққымен допты оң жақ бұрышқа шегелей қадалы. Қақпашы тіпті секіріп те əуре болған жоқ. Екінші голдан соң "Шахтёрда" есепті қысқартатын ұтымды сəт болған-ды. 72 минутта айып алаңында Сергей Зеневті Руслан Валиуллин шалып жыққаннан кейін төреші пенальти белгіледі. Бірақ Марат Шахметов тепкен допты қақпашы Эмиль Балаев сəтті қайтарып, есеп өзгеріссіз қалды.
"Тобыл" 13 турдан соң 29 ұпаймен екінші сатыға жайғасты.
Шамкен БАЙЫРБЕК.