Жарнама
Жарнама

ҚПЛ: "Қайсар" камбэк жасап кетті

02.05.2019, 04:53
Жарнама
Жарнама
"Қайсар" -"Қайрат" 2:1 "Ғани Мұратбаев" атындағы стадионы. 2 600 жанкүйер. Ə дегеннен екі команданың алам кезек шабуылымен басталған ойынның есебі 20 минутта ашылды. Сол қапталдан жақсы пас алған Конрад Вржинский допқа қақпашыдан бұрын жетіп Мартон Эппельге сырғыта салды. Венгриялық шабуылшы мүлт кетпеді. Осыдан соң "Қайрат" ойындарында екінші голды соғатын бірнеше сəт болғанымен дəлдік жетіспей жатты. Ал тайм соңына қарай алаң иелері белсенді қимылдады. Бірақ бірінші тайм қонақтардың басымдығымен аяқталды. Екінші тайм басында сол белсенділік нəтижесін берді. 51 минутта Асхат Тағыберген орындаған айып соққысынан соң Мақсат Байжанов баспен соққы бағытталған. Стас Покатилов сəтсіз тойтарған соққыны Александр Марочкин қақпаға шегелеп тепті. Осылайша, қайсар биылғы маусымда өз алаңындаңы алғашқы голды соқты. Артынша жеңіс керегін түсінген екі клуб та ширақ қимылдай бастады. Ал сондай сəттердің бірі 62 минутта орын алды. Марат Хайруллиннен пас алған Асхат Тағыберген оң аяғымен шірнен тартып, жеңіс добын салды. Ойын соңына дейін Қайрат қанша шабуылдап баққанымен есепті өзгерте алмады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров