"Қайсар" - "Ақтөбе" 0:1.
Гол авторы: А. Сәулет, 41 мин.
Бүгін ҚПЛ-дің 19 турына жоспарланған 2-ойын "Қайсар" мен "Ақтөбе" арасында өтті. Қызылордадағы кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Осылайша, "Қайсар" өткен турда Алматыда оңбай ұтылғаннан кейін өз жанкүйерлерінің көз алдында тағы да ұятты жағдайда қалып отыр.
Матч көп күткендей алаң қожайындарының басымдығымен бамталған болатын. Алайда, "Ақтөбе" ойыншылары қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырумен болды. Ал кездесудегі жалғыз гол 40 минутта бұрыштама добынан кейін соғылды. Қорғаушылар қайтарған допты сол қапталдан Александр Кицак шиіре тепкен еді, доп қақпа маңдайшасынан серпілді. Ал бұл допқа бірінші жеткен Ардақ Суəлеттің алыс бұрышқа тепкен соққысына ешкім кедергі бола алған жоқ.
Ойынның екінші бөлігін толық шабуылдаумен өткізсе де, "Қайсар" жеңілістен қашып құтыла алмады.
19 турдан соң "Қайсар" 5-орында қалса, "Ақтөбе" 4 ұпаймен соңғы сатыда.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET