Биыл да бас жүлде үшін таласамыз деген Алматының «Қайраты» сыр алаңда «Жетісумен» ойнап, күтпеген жерден ұтылып қалды. Егер қақпашы Стас Покатилов болмағанда, матч есебі бұдан да ірі болуы мүмкін еді. Себебі, Стас бұл ойында екі пенальтиден қақпасын аман алып қалды. Есепті «Жетісудың» сұрмерген қорғаушысы Никита Наумов ашқан. Беларусь футболшысы ойынға бұрыштан қосылған, әуелеп келген допты кеудесімен қақпаға енгізіп, өзі де қоса кіріп кетті. Матч соңында Камо Оганесян қарымта шабуылда жалғыз өзі сытылып шықты да Покатиловты да алдап өтіп, бос қақпаға допты сүңгіте салды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET