Екі оңтүстіктің командасы голсыз ойын көрсетті.
"Ордабасы" - "Қайрат" 0:0
"Қажымұқан" атындағы стадион.
7 турдағы орталық матч деп есептелген екі ойынның біреуі осы "Ордабасы" мен "Қайрат" текетіресі еді. Соңғы жылдары екі клуб арасындағы бəсекелестік артып, бірінен-бірі асып түсіп жататын. Алайда, бүгінгі ойын жанкүйерлердің есінде ешқандай голсыз өткен, тек Ян Вороговскийдің 87 минутта алаңнан қуылуымен ғана есте қалады-ау.
Бұл ойыннан кейін "Қайрат" 16 ұпаймен 3, ал "Ордабасы" болса 12 ұпаймен 4 орында қала береді.
Шамкен БАЙЫРБЕК