Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 7 турында "Оқжетпеске" қонаққа барған "Ертіс" тағы ұтылды.
"Оқжетпес" - "Ертіс" 1:0
Гол авторы: С. Жұмаханов, 25 мин.
"Оқжетпес" стадионы. 1 700 жанкүйер.
Биыл біріншілікте жүлдеге таласуға ниетті Павлодардың клубы əзірге тым сүреңсіз ойнауда. Бүгін "Оқжетпестің" тегеурініне тағы шыдас бере алмады. Матчтағы жазғыз голдың авторы шабуылшы - Санат Жұмаханов. 25 минутта Санаттың айып алаңының сыртынан керіле тепкен добына "Ертіс" қақпашысы еш қауқар көрсете алмады. Бұл шабуылшының биылғы маусымдағы - 2 голы. Ойын соңына дейін барынша шабуылдап баққан Демитар Демитровтің командасы қорытынды есепке өзгеріс енгізе алған жоқ.
Осылайша, қатарынан:
-"Оқжетпес" 2 ойында ұтса,
-"Ертіс" 3 матч ұтылды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.